Қоғам 26.06.2017 сағат 12:10  682

Астанада қаңғыбас иттерді тегін асырап алуға болады

Маусым айынан бастап 10-ға жуық қаңғыбас ит жаңа иелерін тапты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астанада иесіз жануарларды ұстау ережесінің мазмұны өзгертілген болатын, деп хабарлады медиа орталық тілшісіне берген сұхбатында «Астана ветсервис» директорының міндетін атқарушы Айдархан Арыстанов.

Сұхбат беруші бұған дейін ауланған жануарды тек иелері ғана алып кету керек болса, қазір кез келген адам асырап ала алатынын айтты. Алдын ала жануарға екпе жасалады.

- Жануарлар алғысы келетін адам біздің кеңсеге келіп, өтініш білдіру керек. Содан кейін, жануарлар бекітілген ережеге сай ұсталуға тиіс міндеті туралы келісім жасалады, - деді А.Арыстанов.

Осы жылдың маусым айына дейін 10-ға жуық ит асырап алынған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар