Қоғам 27.06.2017 сағат 03:35  769

Оралда 1,5 айлық сәбиін көшеге тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Оралдағы №24 орта мектептің жанында құрылысы бітпеген ғимараттан тастанды сәби табылды. 1,5 айлық нәрестені кешкі сағат 20:00 шамасында сол ғимараттың күзетшісі байқап қалған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Николай Плотников түсініксіз дыбысты естіп, салынып жатқан үй ғимаратын айналып шыққанын айтып отыр. Жертөлеге түсер есіктің аузында көк жаялыққа оралған сәбиді көрген ол дереу көмек шақырыпты.

"Баланың беті жұқа матамен жабулы еді. Мен дереу көшеге жүгіріп шығып, адамдардан жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұрадым", - дейді күзетші. Оқиға орнына дәрігерлер мен полицейлер және кинолог-мамандар көп кешікпей жетіп келіпті.

Дәрігерлер анықтағандай, тастанды ұл баланың жасы шамамен 1,5 айлық екен. Ұлты қазақ болуы мүмкін. Үсті-басы таза, жақсы күтілген. Тастап кеткен адам баланы көк жаялыққа орап, аузына соска салып кетіпті.
Қазір нәресте ауруханада. Оның кіндігі дұрыс кесілген дейді дәрігерлер. Қарны тоқ.

Мұнан кейін полицейлер сол маңдағы үйлердің бәріне кіріп, тастанды баланың анасын іздеуге кірісті. Иіссезгіш иттер көпқабатты үйлердің біріне бастап барған екен. Алайда, бұл үйдің тұрғындары кішкентай сәбиді білмейтін болып шықты. Қазіргі таңда көкек ананы іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар