Қоғам 28.06.2017 сағат 04:35  676

ШҚО-да 1 тәулік бойы іздестірілген кішкентай қыз қамыстардың арасында ұйықтап қалған

Шығыс Қазақстанның Белокаменка кентінде 300-гежуық кісі үш жасар қызды іздестірді деп жазады Sputniknews.kz.

Сәби 25 маусым күні жоғалып кетті. Қыз бала балалармен бірге көрші аулада ойнап жүрген, одан кейін жоқ болып кетті. Соңғы рет оны сағат түске қара көрген. Анасы алдымен қызын өзі табуға тырысқан. Нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінген.

Төрт топ полицей қызды түнімен іздеген, алайда іздеу шаралары нәтиже бермеді. Облыс орталығынан келесі таңда тікұшақ жіберілді. ТЖ қызметкерлері суды іздеді. Қызды сондай-ақ әкімдік қызметкерлерімен жергілікті тұрғындар іздестірді. Бүлдіршінді 300-ге жуық адам іздеді.

"Кешке қарай ауылдан төрт шақырым жерден қамыстың арасында ұйықтап жатқан қызды шопан мен учаскелік полиция қызметкері тапқан", — деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.  Қыз аман есен табылды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар