Қоғам 28.06.2017 сағат 14:33  541

Алматыны көгалдандыру – кезек күттірмейтін мәселе

Алматы тұрғындары қаланың  жасыл табиғатымен, тауларымен жиі мақтанады. Осыған орай мегаполисті көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, 2017 жылы жергілікті бюджет есебінен 66174 шаршы метр аумаққа гүлзар мен 11 мың шаршы метр жер көгалдандырылады деп жоспарланған. Қаладағы арық жүйесін реттеу мен қайта қалпына келтіру де назардан тыс қалмаған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сүйнесек, саябақтар мен скверлердегі тазалық жұмыстарына биылғы жылдың сәуірі мен қарашасына дейінгі аралықта 750 адам қатысуы тиіс екен. Бұған қоса, жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1 200 студент қаланы абаттандыру жұмысына қатысады. Жаяу жүргіншілер қозғалысы мен қауіпсіздігі де басқарманың бақылауында. Қоғамдық көліктер үшін бір үлгідегі ыңғайлы павильондармен жабдықталған аялдамалар орнатылып жатыр. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын таңғалдыру үшін биыл қызғалдақ егілетін гүлзарлар аумағы 5630 шаршы метрден 6718 шаршы метрге дейін көбейтіліпті. Қаладағы көліктік  жол айрықтары мен кө­ше­­лердегі жол бөлу жолақтарын бе­зендіріп тұрған гүлді компози­циялары да көздің жауын алады. Көпжылдық гүлзарлар аумағын кеңейту де ұмыт қалмапты. Мәселен, биыл жылдың соңына дейін қала аудандарындағы гүлзарлар көлемі үш есеге дейін артуы тиіс.

Алматы қаласындағы арықтар желісі 1200 шақырыға созылып жатыр. Негізінен көктемде басталған жауын-шашын маусым айының соңына дейін жалғасады. Алайда, биылғы жаңбыр, су мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым көп болды. Мәселен, 27-28 сәуір күндері жауған жаңбыр көлемі жартыайлық көрсеткішпен теңескен. Ал мамыр айында бір жарым айдағы көрсеткішті құрайтын жауын жауған. Осындай жаңбырды кездерде оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан арықтар жүйесі секундына 0,22 текше метр суды ағыза алады екен. Жол жиегіндегі өтпелі арық диаметрлері 50 сантиметрге жетеді. Өтпелі жаңбыр мен қатты дауыл кезінде арықтар бұтақтар мен қоқыстарға толып қалады. Осының кесірінен су сыртқа ағып, кейбір нысандарға зиян келтіреді. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін аудандық әкімдіктерде тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді қызметкерлер тобы құрылған. Олардың құрамында 200 адам мен 56 арнайы техника бар. Ал Төтенше жағдай департаменті мен құтқару қызметінен тағы да 214 адам мен 30 арнайы техника бөлінген. Су соратын 74 құрылғы сақадай сай тұр. Көктемгі уақыттағы тосын жайттар үшін 450 тонна құм мен 150 тонна балшық дайындалапты.

Жасыл желектерді дұрыс суғару мен селдің алдын алу мақсатында 2010-2016 жылдар аралығында 128 шақырымға созылған арық жүйесіне реконструкция жасалған. Оған қоса, аудандық әкімдік арық желісі мен жол жиегіндегі арықтарға, жалпы қашықтығы 26 шақырым аумақта жөндеу жұмыстарын қолға алыпты. Алатау, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарында 14,7 шақырым жерде толығымен жөндеу жұмысы жалғасып, 42 шақырымның жобасына өзгерту енгізілді.

2018-2020 жылдарға арналған 448,5 шақырым бойынша арық құрылысы мен құбырлар желісі жайлы ұсыныстар дайындалып жатыр. Арықтар жүйесі бойынша реформа қала орталығындағы ағын су мәселін ұтымды шешіп, өзге аудандардағы түйткілдерді де реттеуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, жер асты өтпелі жол мен жол айрықтарындағы құрылысты Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы толық қадағалауына алған.

Г.Сембиева

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар