Қоғам 08.07.2017 сағат 04:07  765

Ақтөбеде жүйіткіген көлік саябаққа өтіп кетіп, бір қызды қағып өлтірді

Ақтөбенің орталығында Suzuki Grand Vitara кроссовері Тұңғыш президент атындағы саябаққа баса көктеп кіріп, адамдарды қағып өтті. Салдарынан жас қыз қайтыс болып, тағы бір жігіт ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Көліктің өзі болса аударылып қалды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Куәгерлердің бірі Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол апатты өз көзімен көрген.

"Жол апаты жергілікті уақытпен кешкі сағат 21:20-да менен 40 метр қашықтықта орын алды. Suzuki Vitara автокөлігі жол жиегіне шығып кетіп, қоршауды бұзып өтті де, қыз бен жігітті қағып өтті. Артынша жедел жәрдем жігітті алып кетті, оның жағдайы ауыр, аяқ-қолдары сыныпты. Қыз соққы салдарынан он шақты метрге ұшып кетті, ол басынан алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға орны қанға боялды. Көргендер қайтыс болған қыздың аяғы ауыр екенін айтуда", - дейді куәгер.

Жол апатының нақты себебі әлі айтылған жоқ. Болжам бойынша, кроссовердің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті тізгіндей алмай қалған. Өзге куәгерлер болса көлікті жас қыздың тізгіндегенін, оның өзгелермен жарысып тізгінге ие бола алмай қалғанын айтып отыр.

"Қалай болғанда да көлік өте үлкен жылдамдықпен жүрген, жоқ дегенде 150 км/сағ." - дейді куәгер.

Оның айтуынша, кроссовер аударылып қалғаннан кейін оның ішінен екі қыз бен бір жігіт түскен. Олардың да үсті қан болыпты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар