Қоғам 11.07.2017 сағат 03:19  793

Атырау облысында ауаны күкірт қышқылымен ластаған зауыт басшыларына айыппұл салынады

Мамыр айында Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайды бір ай бойы тексерген экологтар қоршаған ортаға 177 миллион теңгенің залалы келгенін мәлімдеді. Тиісінше, компания басшыларына осындай сомада айыппұл салынбақ деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мамандардың сөзіне сенсек, «Теңізшевройл» компаниясының «кешенді технологиялық желі» зауытында орын алған апат салдарынан, ауаға меркаптан мен күкіртті сутегі өте көп мөлшерде тараған.

Еске сала кетейік, оқиға Жылой ауданындағы кен орнында болған еді. Жұмысшылар ауаға күкірттің көп мөлшерде таралып жатқанын телефондарына түсіріп алып, әлеуметтік желі арқылы таратқан болатын. Кейін осы оқиғаға байланысты баспасөз конференциясын өткізген компания басшылығы мұның еш зиянсыз екендігін айтып, айды аспанға бір шығарған еді. Қазір экологтар табиғатқа залал келтіргені үшін, «Теңізшевройл» компаниясын сотқа беріп жатыр.

Қанат Қалмахан, Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы:

- Аталған іс бойынша 328 бап негізінде әкімшілік іс қозғалған. Нақты айыппұлдардың көлемін сот анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар