Қоғам 12.07.2017 сағат 04:38  615

Алматыдағы тұрғынүйлердің бірінде жарылыс болды

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп жазады Tengrinews.kz порталы Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 шілдеде таңғы 08:00-де Орбита-4 ықшамауданындағы 11-үйдің төртінші қабатында газ баллоны жарылып, артынша өртенген. 

"0,3 шаршы метр үй заттары өртенді, өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілген. Жарылыс салдарынан терезелер шағылып, есіктер сынып, жиһаздар бүлінген. Ер адам мен әйел адам күйіп қалған", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Соңғы жаңалықтар