Қоғам   14.07.2017   сағат   06:17     713

Өскемендік әйел сотта өз қызын зорлаған педофилдің сөзін сөйлеп, оны қорғады

Өскеменде 7 жасар қызды зорлаған ер азамат 17 жылға сотталды деп жазады Tengrinews.kz. Сот отырысы барысында зәбір көрген қыздың анасы педофилді айыптаудың орнына керісінше, оны қорғап, қылмыскердің сөзін сөйлеген. Әйелді мұндай қадамға педофилге деген махаббаты итермелеген көрінеді.

Өскемендік әйел сотта өз қызын зорлаған педофилдің сөзін сөйлеп, оны қорғады

Тергеу барысында анықталғандай, 27 жастағы ер азамат бұған дейін бірнеше рет сотты болған екен. Ол зәбір көрген қыздың анасымен көңіл жарастырып, бірге тұрып келіпті. Ер мен әйел бірге спирттік ішімдік ішуді әдетке айналдырып, осындай "көңілді отырыстың" соңы бірде жанжалмен аяқталған. Артынша басы ауырған әйел дәрігерге қаралуға кетіп, кішкентай қызын жігітінің қарауына тастайды. Мастығы тарқамаған ер азамат болса оқушы қызды азғыра бастаған. Қарсылық танытқаннан кейін күш көрсетіп, зорлап тастапты. Құмарын басқаннан кейін ол қайта ұйықтап қалған. Кейін болған жайтты зәбір көрген сәби әжесіне айтып беріпті.

Сот отырысында ер азамат өзіне тағылған айыптардың ешбірімен келіскен жоқ. Оның айтуынша, кішкентай қызды ойнатып отырып, ол байқаусызда кіндігінің астынан тістеп алған. Ал, денесіндегі өзге жарақаттарды ойын кезінде алды дейді ол.

Дәл осы болжамды қыздың анасы да сотқа айтып сендіргісі келді. Алайда, судья күдіктіні айыпты деп танып, педофилді 17 жылға соттады. Жазасын ол қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Соңғы жаңалықтар