Қоғам 18.07.2017 сағат 11:19  621

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарын тонап кетті

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанбаевты белгісіз біреулер тонап кетті деп жазады Tengrinews.kz. Қаскөйлер оның қымбат велосипедін қолды қылған.

Көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, өткен аптада екі велосипед ұрланған. Екі велосипед те лифт алдында тұрған екен. Ұрының жалғыз болмағаны анық. Әкімнің орынбасары тұрып жатқан көпқабатты үйдің кіреберісінде күзет, жан-жағына камера қойылған. Дегенмен бұл ұрыларды тоқтата алмаған.

Дүйсенбай Тұрғановтың өзі әкімдіктің баспасөз қызметі арқылы ұрлық дерегін растады және полицияға арызданғанын да жеткізді. Ал аймақтық ІІД тергеу амалдары туралы ештеңе айтып бере алмады.

Полицейлердің хабарлауынша, қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар ұсталып, қылмыстары дәлелденген жағдайда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар