Қоғам 19.07.2017 сағат 09:17  435

Өскеменде трамвай аяғын басып кеткен зейнеткер операцияға жетпей қайтыс болды

Өскеменде бүгін 75 жастағы зейнеткерді трамвай қағып кетті. Темір дөңгелектер қарт әйелдің аяқтарын басып кеткен. Жедел ауруханаға жеткізілген оның өмірін дәрігерлер құтқарып қала алған жоқ.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл оқиғамен қазір ішкі істер органдарының өкілдері айналысып жатыр. Алдын ала белгілі болғандай, зейнеткерді трамвай жүргізушісі мүлдем көрмеген. Ауыр көлік оны 4 метрдей жерге сүйреп әкетіпті. Қарияның негізінен екі аяғы ауыр жараланған екен. Дәрігерлер аяқтарын кесіп алып тастау операциясын жасауға дайындалып жатқан сәтте науқас көз жұмды.

Кісі өлімінен кейін трамвай жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар