Қоғам 24.07.2017 сағат 04:23  2821

Танымал журналист, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Жұмабек Кенжалин қайтыс болды

Қаламгер әрі танымал журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры Жұмабек Кенжалин 63 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақ газеттері» ЖШС ұжымының қызметкерлері Жұмабек Омарұлының қайтыс болғанын растады.

Ж.Кенжалин журналистік жолын 1981 жылы «Егемен Қазақстан» («Социалистік Қазақстан») газетінен бастаған. 1986-1988 жылдары «Зерде» («Білім және еңбек») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы, 1994 жылдан «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы болды. 1996 жылдан «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997-1999 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

1999 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақ газеттері» ЖАҚ-ның президенті, бас директоры, «Ана тілі» ұлттық апталығының, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы қызметтерінде болды. Бүгінге дейін «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Бас директоры – редакторлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді. 

Ж.О.Кенжалин – Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты (2006 ж.), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1983 ж), Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі-академигі (2001 ж), Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2004 ж.), «Құрмет» орденінің (2009ж.), Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалінің (2011ж.) иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар