Қоғам 24.07.2017 сағат 18:06  888

Египетте оқып жүрген Қазақстанның 6 жігіті із-түсіз жоғалып кетті

Египетке тіл біліктілігін арттыруға барған Қазақстанның алты азаматы із-түссіз жоғалып кетті деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Министрліктің мәліметінше, тіл курсын оқуға барған алты жігіт те бірнеше күннен бері туыстарымен хабарласпаған. Олардың бәрі Мысырда бір пәтерді жалдап тұрып келіпті.

"Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанның Каирде орналасқан елшілігі Египет Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады. Біздің елшілер жоғалған балалардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде", - деді Жайнақов.

Айта кетейік, бұған дейін Айбол Исабек есімді азамат өзінің Facebook-парақшасында жоғалған алты жігіттің бірі өзінің туысы екенін жазған болатын. Оның айтуынша, алтауы да 11 шілде күні Египетке жолға шыққан екен. Қазақстан азаматтары алдымен Алматыдан Шаржаға ұшып барып, кейін Александрияға атбасын тіреген. 20 шілдеден бері олар байланысқа шықпапты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар