Қоғам 25.07.2017 сағат 09:55  735

Алматыда 16 жастағы спортшы қызбен тауға қашқан бозбала құздан құлап мерт болды

Алматыда семсерлесу спортынан спорт шеберлігіне үміткер 16 жастағы Анастасия Смирновамен бірге тауға қашып кеткен Назар есімді жігіт құздан құлап қайтыс болды. Бұл туралы іздеу жұмыстарын жүргізген ерікті Ислам Угушев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл мәліметті Республикалық жедел құтқару жасағының өкілдері растап отыр.

23 шілде күні жоғалып кеткен жастарды ата-аналары дереу іздеуге кіріскен. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен бірге құтқарушылар және еріктілер қатысты. 24 шілде күні куәгерлер қыз бен жігітті тау шатқалынан көріп, дереу іздеу тобына хабар беріпті. Соңына түскендерден қашу үшін екеуі қауіпті жерлермен жүріп өтпек болған. Сол сәтте спортшы қыз жардан құлап, түрлі жарақаттар алды. Дәрігерлер оны дереу ауруханаға алып кетіп, қазір емдеу шараларын жүргізуде. Ал, 17 жастағы бозбала болса қашуын одан әрі жалғастырып, көп ұзамай өзі де биік құздан құлап кеткен. Алған дене жарақаттары салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Оның денесін құтқарушылар бүгін таңда ғана тапты.

Еске сала кетейік, Анастасия Смирнова жексенбіде, 23 шілдеде Қырғызстанда семсерлесуден жарыстан келіп, досымен кездесуге шығып, үйіне оралмаған болатын. Туыстарының айтуынша, соңғы қоңырау "Сайран" автовокзалының аумағынан шалынған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар