Қоғам 29.07.2017 сағат 08:06  732

Алтынай Көбеева: «Мемлекет пен ҮЕҰ қарым-қатынасын нығайтудың маңызы жоғары»

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» Заңы негізінде ҮЕҰ-дың Дерекқорын қалыптастыру міндеттелген болатын. Бүгінгі таңда ҮЕҰ Дерекқорын жасау, ақпараттар жинастыру қаншалықты жүзеге асып жатыр? Қандай қиындықтар бар? Уақытында ақпарат бермеген ұйымдар әкімшілік жазаға тартыла ма? Осы және өзге де сауалдарымызға Алматыдағы «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры Алтынай Орманғалиқызы жауап берді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Алтынай Орманғалиқызы, үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың маңыздылығы қандай? Жалпы ҮЕҰ Дерекқоры не үшін қажет?

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды. ҮЕҰ Дерекқоры дегеніміз үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін пайдалану, гранттар ұсыну және сыйақылар беру үшін жиналатын ақпараттық дерекқор. ҮЕҰ Дерекқоры ҮЕҰ қызметі туралы ақпараттың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етеді. ҮЕҰ Дерекқоры арқылы кез келген азамат керек ақпаратын ала алады. Ұйым туралы ақпараттың ҮЕҰ-ның Дерекқорына енгізілуі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде артықшылық береді әрі жалпы ұпайлардың қосындысына ықпал етеді. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағында түсіндірме берілген. ҮЕҰ өзінің қызметі туралы мәліметтерді беру тәртібі «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен реттеледі. 

- Бүгінгі таңда ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру жұмысы қалай жүріп жатыр?

- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді. Олар халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат береді. Бұл үшін түрлі ақпараттық бағыттағы видеороликтер мен инфографикалар, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар мен одақтар туралы кең көлемді сұхбаттар жарияланып отырады. Яғни, Қазақстан Республикасының «Үкіметтік емес ұйымдар» туралы Заңының 17 бабына сәйкес келетін ұйымдар жұмысы насихатталады. Жоғарыда аталған ұйымдарға жыл сайын 31-наурызға дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне есепті екі тәсілмен жіберуге болады. Біріншісі, қағазға шығарылған, қасына электронды нұсқасы көшірілген CD-диск немесе USB-флэшканы почта арқылы жібереді. Немесе осы жылдан бастап енгізіліп жатқан жаңа жүйе бойынша жылдық есепті ҮЕҰ Дерекқорының интернет-порталына (infonpo.kz) жүктесе болады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан арнайы электронды кілт алу керек. Порталға жүктеудің еш қиындығы жоқ. Бірінші қолданушыға арналған нұсқаулықпен танысып алып, ары қарай қадам-қадам бойынша алгоритмді орындаса болғаны.

- Қазіргі уақытта мемлекет пен ҮЕҰ байланысын нығайту жолында қандай қиындықтар бар? Содан соң ақпаратты уақытылы өткізбегендерге қандай жаза қолданылады?

- Мемлекеттің ҮЕҰ жұмысына сенімділігін арттырудың маңыздығылы жоғары. Себебі, сол кезде ғана ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру ісі жеделдеп әрі жеңілдейді. Өзге ұйымдар Дерекқорға есеп жіберуі үшін алдымен оған сенім артуы тиіс. Біздегі қиындықтар өте қарапайым. Үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі Дерекқорға есеп түріндегі ақпаратты уақытында жібермейді. Айтатын сылтаулары да бірдей, «ұмытып кетіппіз», «қалай жіберуді білмейміз» дейді. Ал негізінде қазір ақпараттық технология заманы. Кез келген сұраққа жауап табуға болады. Мәселен, Дерекқор базасының интернет-порталына кірсе, ол жерде «ҮЕҰ Дерекқоры туралы» деген айдарында үкіметтік емес ұйымдар Дерекқорына есеп жіберу мен өз қызметтерін таныстыру туралы егжей-тегжейлі толық ақпарат жазылған. Тіпті порталға ақпаратты жүктеп болған соң оны қайта қарап, ақпараттың жүктеліп-жүктелмегенін тексеруге де болады. Заң бойынша да жазалау шаралары бар. Мәселен, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабында «Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, – ескерту жасауға алып келеді» делінген. Сондай-ақ, «осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді» дейді.

- Ал өткен 2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер бермеген, мерзімінде өткізбеген ұйымдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлары болды ма?

- Бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке тарту жағдайлар болған жоқ. Ал қазіргі уақытта үкіметтік емес секторда кешенді ақпараттық түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіледі.

- Сіз сұхбат басында әлеуметтік-мемлекеттік конкурстар кезінде Дерекқорға тіркелген ұйымдарға басымдық беріледі дедіңіз. Ал ҮЕҰ Дерекқорында тіркелмеген ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар жөніндегі конкурстарға қатыса ала ма?

- ҮЕҰ-ның Дерекқорда бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсының жеңімпазын анықтаған кезде негізгі өлшемдердің бірі болып саналады және жалпы ұпайлардың қосындысына әсер етеді. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы 3-тармағына сәйкес, Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Г.Сембиева

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар