Қоғам 28.07.2017 сағат 13:24  692

«Нұр Отан» өкілдері білім саласындағы жемқорлықты жою жолдарын қарастырды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Білім және ғылым министрлігі басшылығының қатысуымен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, мектептердегі заңсыз ақша жинау, жоғары оқу орындарындағы заңсыз төлемдерді жүргізу барысында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мәселелерін талқылады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Іс-шараның ресми ашылуы барысында Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шпекбаев Қазақстанда білім беру саласының маңызы әрдайым жоғары болғандығын баса айтты. Тек соңғы он жылдың ішінде аталған саланы қаржыландыру 2,5 есеге өсті. 

Өткізілген шара барысында «Транспаренси Қазақстан» ұйымының деректері келтірілді. Атап айтқанда, пара бопсалау деректеріне қатысты бизнесс-құрылымдардың шағымдары азайды және де «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және олардың стандарттары», «халыққа қызмет көрсету орталықтары және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары», «электрондық үкімет және оның автоматтандырылған жүйелері» бағыттары нәтижелі болып шықты. 

Бұдан басқа, «Транспаренси Қазақстан» ұйымының сарапшыларының пікірінше, тұрғындардың азаматтық белсенділігі және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау деңгейлері өскен. Осыдан үш жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық деректері бойынша арызданушылардың саны артты. 

Дегенмен, білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым бейім салалардың бірі болып тұр.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында маңызды жетістіктеріне соңғы бастамаларды жатқызуға болады:

- оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудің тұжырымдамасы бекітіліп, нәтижесінде барлық  жалпы орта білім беру мектептерінде ерікті «Адал ұрпақ» клубтары құрылды (90%-ға жуық мектептерде);

- мемлекеттік гранттарды орналастыру бойынша конкурсқа құжат қабылдауды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер санатына ауыстыру, аталған процесті автоматтандыру;

- балабақшаларға кезекті үйлестірудің дербес автоматтандырылған жүйесін пилотты режімде енгізу;

- жоғары оқу орындарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартияларына қол қою;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы тақырыптарды білім берудің барлық деңгейлеріндегі жекелеген пәндердің оқыту бағдарламаларына енгізу;

- «От ВУЗа к ВУЗу» ақпараттық-түсіндірме бағдарламасын жүзеге асыру, «Адал бол» студенттік флешмобтарды ұйымдастыру. Аталған флешмобты Қазақстанның 111 жоғары оқу орындарының 25 мыңнан астам студенттері қолдап, адалдыққа үндейтін 70-тен аса бейнероликтер әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Академиялық адалдық принциптерін қатаң ұстанатын оқу орындарының  қатарына Назарбаев университет, «Нархоз», КазГЮУ, «Алма», КИМЭП университеттері  қосылды. Аталған оқу орындарындарының жетістікке жету себебі жоғары оқу орындары басшылығының табандылығы, кафедра меңгерушілері мен декандардың заңсыз ақша жинау деректері үшін жеке жауапкершілігі, лайықты еңбекақы, профессорлық-оқытушылық құрам мен басқарушы буынның тиімді құрылымы, мүліктік кешенді пайдалану бойынша тиімді менеджмент деп білеміз.  

Мәжіліске қатысушылардың пікірінше, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың экономикалық  негіздерін жойып, бюджет қаржысын пайдалануға, мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік мүлікті қолдануға  бақылауды күшейту, академиялық адалдық негіздерін енгізіп,  түрлі рұқсат беру процедураларын қысқартуды жалғастырып, жоғары оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталықтарын ашып, мектеп және мектепке дейінгі тәрбие мекемелері директорларын конкурстық  іріктеу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

Ұйымдастырылған мәжіліс барысында Агенттікпен «Абыройлы ұстаз» жобасының тұсауы кесілді. Аталған жоба шеңберінде адалдық пен сатылмаушылықтың үлгісі болып танылған ұстаздар туралы студенттер тарапынан дайындалған үздік бейнероликтер Агенттік тарапынан марапатталатын болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар