Қоғам 14.07.2017 сағат 09:03  416

Астанада биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны артып отыр

Былтыр Астанада 1 миллионыншы тұрғынның тіркелгені баршаға мәлім. Бұл әу баста шағын ғана қалашық болған елорданың үлкен мегаполиске айнала бастағынының белгісі. Қалада жыл сайын туу көрсеткіші артып, тиісінше мектептер мен балабақшалар да бірінен соң бірі салынуда.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Туу көрсеткішінің артқанынан болар, Астанада жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалар саны көбейіп келеді. Мәселен, биыл елордалық мектептерді барлығы 5 мыңдай бала бітірсе, бірінші сынып табалдырығын қыркүйекте 22 мың оқушы аттағалы отыр. Яғни, салыстырып қарайтын болсақ, осыдан 11 жыл бұрынғы көрсеткіш пен қазіргі көрсеткіш арасы 4,5 есеге көп.

Бұл туралы Астана қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ануар Жанғозин мәлім етті. Оның айтуынша, өткен оқу жылы Астананың мектептерінде 9 588 орынға жетіспеушілік байқалған, биыл бұл көрсеткіш 17 мыңды құрауы мүмкін.

«1-ші сыныпқа келетін оқушылардың саны күрт өсуіне (болжам бойынша 22 мың оқушы) және көші-қон мәселесіне (4 500 оқушы) байланысты 2017-2018 оқу жылында болжам бойынша 17 мың орынға жетіспеушілік сезілуі мүмкін», — деді А.Жанғозин.

Бүгінде Астана әкімдігімен мектептер мен бақшаларда орын жетіспеушілігі мәселесі кешенді түрде шешілуде. Осылайша 2017-2018 оқу жылы 2600 орынға шақталған жапсарлас салынған  5 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ елордада жыл сайын кем дегенде 10 жаңа мектеп салынатын болады.

«6 мектептің құрылысы басталды, жыл соңына дейін 4 білім ордасын салу жоспарлануда. Жалпы алғанда 11 мың орынға арналған 10 мектеп салынады, ол 2018-2019 жылдары пайдалануға беріледі. Оған қоса 13 мектептің жобасын іске асыру бойынша жұмыс басталып кетті. Біздің жоспарымызда – жыл сайын 13-14 мектепті пайдалануға беру», — деді А. Жанғозин.

Қазіргі таңда елордада 95 жалпыбілім беретін білім ордасы бар, онда 130 542 оқушы білім алады. Онымен бірге балалардың көбісі мемлекеттік мектептерге барады. 84 білім ордасында 127 мыңға жуық оқушы білім алады. 11 жеке мектепте 3 625 оқушы оқиды. Орын жетіспеушілік қаланың 27 мектебінде сақталды (оның 3 мектебінде сабақ үш ауысыммен өткен).

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар