Қоғам   26.07.2017   сағат   12:44     610

Қазақша сөйлей алмайтын жарты миллион бала тілді жаңа әдіспен үйренеді

Қазақ тілін үйренудің жаңа әдістемесі әзірленді. Биылдан бастап мемлекеттік тілді білмейтін мектеп оқушылары аталған әдістеме бойынша тіл үйренеді.  Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде баяндады.

Қазақша сөйлей алмайтын жарты миллион бала тілді жаңа әдіспен үйренеді

«Бүгінде қазақ балаларының 90 пайызы мектепте өз тілінде білім алады. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан түлектердің 76 пайызы тестті қазақ тілінде тапсырды. Ол - өте жақсы көрсеткіш. Енді, баса назар аударатын проблемалардың бірі - орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық оқушы қазақ тілінде сөйлемейді. Иә, әдістеменің дұрыс емес екенін жақсы білеміз. Дегенмен, жаңа әдістеме дайын. Биыл біз оны эксперименттік негізде сол мектептерге таратамыз», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мыңнан астам мектеп тіл ұстартудың жаңа әдістемесіне тапсырыс беріп отыр. Аталған жүйе сәтті іске асса, онымен барлық мектептер жұмыс істейтін болады.

«Жаңа әдістеме баланың коммуникативті қабілетін дамытуды көздейді. Ондайда сөздерді жай жаттатқызып қана қоймай, сөйлеу арқылы тілді үйренуге болады. Аталған әдістемені Ахмет Байтұрсынов пен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы оқу-әдістемелік орталықтары дайындады», - деп атап көрсетті Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар