Қоғам 12.07.2017 сағат 16:52  840

Шетелдіктер қазақ тілін Skype арқылы үйренуде

Жыл сайын елімізді былай қойғанда шет мемлекеттерде де қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны артып келеді. Отандастарымыз мұғалім жалдап, ана тілімізді аса қиындықсыз меңгерсе, шетелдегі азаматтар онлайн курстар арқылы біздің тілді үйреніп жүр. Дегенмен, тілді білгісі келген азаматтар үшін ешқандай кедергі болмауы керек. сондықтан былтыр Мемлекеттік тілді дамыту қоры Soyle.kz әдістемесі бойынша қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын бастаған болатын. Бүгінгі таңда Skype арқылы Қазақстан мен шет елдерден (Ресей, Польша, Англия, Қытай) 200-ден астам адам тегін қазақ тілін меңгеріп шығыпты. Бұл туралы осы қордың өкілдері мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұған дейін де қазақ тілін үйрететін талай әдістемелік оқулықтар, бейнетаспалар, тіпті мобильді қосымшалар да әзірленген болатын. Ал, ана тілімізді Skype арқылы үйрену өте қолайлы және пайдасы көп дейді оны жасап шығарғандар. Айта кету керек, жоба Мемлекеттік тілді дамыту қорының  әлеуметтік серіктесі - «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ тілін кеңінен насихаттау, оның қолданыс аясын кеңейту, тілдің қоғамдағы мәртебесін арттыру және шетелдерде тұратын отандастарымыздың туған елі – Қазақстанмен байланысын нығайту.

Skype арқылы оқыту тыңдаушыларды қазақ тілінде емін-еркін сөйлесуге, аз уақыттың ішінде тілді үйреніп, жоғары жетістіктерді көрсетуге мүмкіндік береді.  Курс әр оқушының жеке қазақ тілін білу деңгейіне жеке тәсілдері бойынша бағытталған. Skype арқылы қазақ тілін оқытудың артықшылықтары - уақыттың үнемделуі мен ыңғайлылығы.

Интернет қолданушылардың білдірген көптеген пікірлері мен тілектерін ескере отырып, қазақ тілін Skype арқылы оқыту жобасын осы жылдың күзінде жалғастыру жоспарланып  отыр.  

«Soyle.kz» - Қазақстандағы қазақ тілін онлайн режімінде тегін үйрететін тұңғыш портал. Бүгінгі таңда оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллионнан астам адам пайдаланса, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 62  мыңнан асты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар