Қоғам 24.07.2017 сағат 12:04  1772

Ғарыш терминдері қазақ тіліне аударылды

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания қызметкерлерінің бастамасымен ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігі құрастырылды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Шолпан Малғаздарованың айтқанындай, терминологиялық сөздікті жасау жұмыстары 2006 жылы басталған.

«Қазақстан ірі ғарыштық жобаларды жасауға кірісіп, ғарыш саласындағы техникалық, күрделі, арнайы терминдерді аударудың қажеттілігі туындады», - деп еске алды Ш.Малғаздарова. Бірнеше жылдар бойы ғарыш терминінде жиі қолданылатын сөздер топтамасы жинақталып, бүгінде сөздікке ғарыш қызметінде пайдаланылатын 640 сөздер мен терминдер, аббревиатуралар мен олардың түсіндірмесі кірістірілді. Жақында ғана саламызға «дистанционное зондирование Земли», «система высокоточной спутниковой навигации» секілді сөз тіркестері енді және олардың ана тіліміздегі нақты аудармаларын беру керек болды, мысалы: Жерді қашықтықтан зондтау, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі», - деді сөздікті жасау бастамашысы Ш.Малғаздарова.

Статистикаға сүйенсек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымының жартылай дерлік бөлігі қазақ тілін үйрену курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болды. Бұған қоса, курс қатысушыларының жартысынан көбі қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер.

Әзірге, 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы комиссиясы бекіткен ғарыш терминдерінің сөздігі электронды нұсқада қолданылуда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясының алдағы жоспарында аталмыш зияткерлік еңбектің авторлық құқығын белгілеп, Қазақстандағы тұңғыш ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігін шығару бар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар