Қоғам 02.08.2017 сағат 10:02  922

Ақмола облысында дәрігерлердің өтірігінен қыз бала 14 жыл бойы жетімдер үйінде тәрбиеленген

Мұндай жағаұстатарлық жаңалықты Ақмола облысының прокурорлары мәлімдеп отыр. Оқиға 14 жыл бұрын орын алған екен. Уақытынан ерте босанған анаға перзентхана қызметкерлері баласының шетінеп кеткенін айтып, сәбиді белгісіз себептермен балалар үйіне өткізіп жіберіпті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Прокурорлар бұл жағдайды жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуын тексеру барысында анықтаған.

"Балалардың құқығын қорғаумен айналысатын органдар қызметкерлерінің өз міндеттерін орындамауы салдарынан жеткіншек қыз 14 жыл бойы ата-ана қамқорлығын көрмей өсті. Туған кезінен бастап қыз бала жетімдер үйінде тәрбиеленген. Тексеру барысында анықталғандай, нәресте туылған сәтте небәрі 950 грамм болыпты. Денсаулығы аса ауыр жағдайда болғандықтан оны дереу жансақтау бөліміне жатқызған. Ал, перзентхана қызметкерлері анасына сәбидің шетінеп кеткенін айтқан. Анасы да ешкімді тергеп-тексермепті. Ал, перинаталды орталықтың өкілдері сәбиді тастанды деп құжат толтырып, оны балалар үйіне өткізіп жіберген", - дейді Ақмола облысының прокурорлары.

Осы күнге дейін жеткіншек қыз Ақкөлдегі балалар үйінде тәрбиеленіп келген. Қазір ол ата-анасына беріліп, өз үйіне оралды. Ал, перинаталды орталықта прокурорлар тексеру жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар