Қоғам 03.08.2017 сағат 03:54  523

Ақтөбеде екпе егілмеген балалардың саны 2 мыңнан асып кетті

Ақтөбеде 2 мыңнан астам бала екпе алмаған. Баласына екпе жасатуға қарсы болғандардың басым бөлігі жұмыссыздар, кәсіпкерлер мен мұнайшылар, деп жазады ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбеде екпеден бас тартушылар саны азаймай тұр. Қазіргі кезде 2572 бала екпе алмаған. Олардың көбі балабақша жасындағы бала. Дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жыл басынан бері 182 баланың ата-анасын райынан қайтарған. Дегенмен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын сынға алып, жұмыстың дұрыс атқарылмағанын айтты.

Айта кетейік, баласына вакцина жасатпай жүрген ата-аналардың 77 пайыздан астамы жұмыссыз, 37 пайызы кәсіпкер және 17 пайыздан астамы мұнайшы екен. Қазіргі күні екпе алмаған балалар балабақшаға, мектепке барып жүр. Ата-аналар өз әрекеттерін діни көзқараспен, жеке пікірімен және вакцинаның пайдалы екеніне күмән келтіретінімен түсіндіреді.

«Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, халыққа екпенің ең алдымен, олардың денсаулығы үшін салынатындығын түсіндіру қажет. Біз көрсеткіштерді, динамиканы қадағалап отыратын боламыз және осы жұмыстардың нәтижесі бойынша медицина мекемелерінің басшыларына баға береміз»,- деді Ербол Нұрғалиев.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар