Қоғам 03.08.2017 сағат 10:09  742

Астанада Президент әкімшілігінің тағы бір көлігі жол ережесін өрескел бұзды (ВИДЕО)

Астанада Президент әкімшілігіне тиесілі Mercedes автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Бұл сәт сол маңда болған өзге көліктің видеотіркеуішіне жазылып қалған деп мәлімдеді Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға Министрліктер үйінің алдындағы Мәңгілік Ел көшесінде орын алған. ADM сериялы номер таққан қызметтік көлік алдындағы өзге көліктен озып кету үшін жолдың қарсы бағытымен жүріпті.

Артынша бұл жағдайға байланысты Президент істері басқармасының автошаруашылы өкілдері түсініктеме берді.

"Қазіргі таңда 133 ADM мемлекеттік номерін таққан Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша жұмыстан шеттетілді. Түсініктеме жазып берді. Бұл жайт тәртіптік кеңесте міндетті түрде қаралатын болады. ҚР Әкімшілік кодексінің 596 бабына сәйкес, жолдың қарсы бағытына шыққан жағдайда жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырады. Демек, біз бұл қызметкермен одан әрі жұмыс істесудің қажеті болмайды деп есептеп, онымен келісімшартты үзудің жолдарын қарастырамыз", - деді Президент істері басқармасы автошаруашылығы директорының орынбасары Ғалымжан Арынов.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар