Қоғам 04.08.2017 сағат 11:16

Алматылық белсенділер МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады

Бүгін Алматы қаласында «Жаңа медициналық сақтандыру жүйесі және оның қалада жүзеге асу қарқыны» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Сарапшы» дискуссиялық клубы ұйымдастырды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазіргі кезде қоғам үшін маңызды саналатын тақырыптардың бірі – медициналық сақтандыру жүйесі жайлы саясаттанушылар мен қоғам белсенділері пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Жиынға Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Керімқұл Жакетаев, «Болашақ» РҚ төрағасы Дәурен Бабамұратов, саясаттанушылар Расул Жұмалы, Асхат Қасенғали мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Сарапшы» дискуссиялық клубы қала бойынша маңызды мәселелерді ортаға салып, қоғамдық пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған болатын. Соған сәйкес, бүгінгі жиында да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, Алматы қаласы бойынша денсаулық ұйымдары мен ауруханалар, емханалар жұмысындағы өзгерістер, денсаулық сақтау орталықтарының жаңа жүйеге дайындығы жайлы айтылды. Шараға қатысқан әрбір адам өз ойын білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Саясаттанушы Асхат Қасенғали міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қатар қойып, салыстыру жүргізді.

«Медицина саласын қаржыландырудың жаңа көздері пайда болып, халыққа медициналық көмек көрсету қызметінің сапасы артады. Одан соң мемлекет жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Керісінше, бұл жағдайда халықтың денсаулығына деген әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылай түседі. Емханалар мен ауруханалар арасындағы бәсекелестік көбейетіндіктен медқызмет сапасы да тиісінше жақсы жаққа өзгеруі керек. Алайда, жүйенің әлсіз тұстарын да атап өту қажет. Мәселен, қазір медсақтандыру қорына салым жіберіп тұратын төлемшілер санының жеткілікті болатын-болмайтыны белгісіз. Сонымен қатар, қордағы ақшаның қалай жұмсалып, қалай сақталатындығы туралы нақты деректер аз. Ал ең басты сұрақ бар. Қазақстандықтар өздері қалағандай сапалы қызмет алатын бола ма? Айта берсек, сауал көп», - деді саясаттанушы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар