Қоғам 17.07.2017 сағат 10:28  361

Алматыға мүгедек жандардың жүріп-тұруына қолайлы тағы 15 автобус әкелінді

Алматы қаласының әкімдігі мүгедек жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Атап айтқанда, қалаға әкелінген су жаңа 60 автобустың 15-і мүгедектерге лайықталып жасалған. Жақын күндері осынау автобустар Алматы көшелеріне шығуы тиіс.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қоғамдық көліктерді жергілікті билік өткен аптада Мәскеу түбіндегі Лукино-Дулево қаласынан сатып алып келді. ЕУРО-4 стандарттарына сәйкес жасалған автобустар ЛИАЗ зауытында жасалған. Атап өтетіні, бұл автобустар желдеткіштермен, жеке жылытқыштар мен басқа да көптеген заманауи жабдық­тармен жарақталған.

Алматы қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, жыл соңына дейін мегаполиске тағы жүздеген автобус әкелінеді. Барлығы да экологиялық тұрғыда таза, қалалық стандарттарға сай.

Ал, өткен апта әкелінген 60 қоғамдық көліктің 45-і – тар көшелерде жүруге арналған Еуро-4 стандар­тындағы авто­бустар болса, тағы 15 автобус – төмен еденді желдеткіштер мен мүгедектерді көтеріп-түсіретін құрылғы­лармен жарақтанған көліктер. Бұлар қаладағы тасымалдау­шылар жүре бер­мейтін және жекеменшік автопарктер қарауында болып келген 12 бағытта қызмет көрсетеді деп күтілуде. Сон­дықтан да бұл автобустар «Ал­маты­элекро­көлік»  компаниясы және жекеменшік тасымал­даушы­ларға бөліп беріледі деп жоспарланып отыр.

Жалпы, қала әкімдігінің келісіміне сәйкес, Алматыға әлі 300-дей жаңа автобустар әке­лінуі тиіс екен. Ал оларды са­тып алуға қаладағы 9 компания қатысатын болған. Соған орай мегаполисте барлығы 10 автобус бағыттары жаңадан ашылуы немесе қайтадан қалпына келтірілуі жоспарла­нып қойылған. Сөйтіп, алматы­лықтар енді бірте-бірте салон­дары жазда «қайнап тұратын» автобустардан құтыла бастай­тын болады.

Бұлардан бөлек, «оңтүстік астана» көшелерімен алдағы уақытта немістің Eurabus заутыныда жасалған электроавтобустар да жүре бастайды. Алдымен олар Алматыда сынақтан өткізіледі. Сынақ сәтті өтсе қала тұрғындарына қызмет етуге кіріспек. Осынау инвестициялық жобамен айналысып жатқан еуропалық инвесторлардың айтуынша, дәл осындай электроавтобустар бүгінде Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург секілді Еуропаның ең таза қалаларында қатынап жүр.

Автобустың бұл түрі жаңа технология­мен жеңіл балқытылған каркастан жасал­ған, соның арқасында салмағы жеңіл әрі сенімді, жасалуы да тез. 18 метрлік автобус әрқайсысы 200-ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдық­талған, бір рет зарядталған соң 300 шақы­рым жол жүреді, орташа  уақыты сегіз сағат.

Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өңірдегі континенталді климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сыяды, сонымен қатар,  мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш құрылғысы да  бар.

Алматыда автобус  қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Көлік  жеке инвестордың қаржысына алынған. Соны­мен қатар, болашақта көліктің бұл түрін Алматыда жинау үшін отандық компания мен неміс өндірушісінің арасында келісім де жасалған. Инвестор жолаушыларға қызмет көрсету  сапасын арттыру үшін келешекте байқау ұйымдастырылатынын да мәлім етті. және конди­ционермен, арбаға таңылған мүгедектерді көтеретін арнайы қондырғылармен жаб­дық­талған. 1 тамыздан бастап  бұл жаңа  көліктер №28 бағыты бойынша (Орбита 2 және  Орбита 4 – ГЭС 2), №68 бағыты бойынша (әл-Фараби – Ремизовка сая­бақтары) жүретін болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар