Қоғам 22.07.2017 сағат 06:37  644

Алматыдағы «Арбаттың» бет-бейнесі түбегейлі өзгермек

Алматының ажырамас бір бөлшегіне айналған «Арбат» көшесінің келбеті биыл күзге дейін түбегейлі өзгеретін болды. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Тек жаяу жүргіншілерге ғана арналған осынау орын «Жібек жол» тарихынан сыр шертетін кейіпке енбек. Енді мұнда субұрқақтар мен жасыл желек көбейеді және балаларға арналған алаңқай пайда болады. Бүгін «оңтүстік астанада» бас қосқан қаланың белсенді кәсіпкерлері «Арбаттың» болашағы туралы талқылап, онда салынатын жаңа сауда орындарының сатылымына қатысты ой қозғады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сауда орындарының сатылымы деп бекер айтып отырғанымыз жоқ. «Арбаттағы» дүкендердің барлығы түгелдей дерлік сүріліп, олардың орнын жаңа сауда орындары басатын болады. Заманауи үлгіде салынған ғимараттардан орын алу үшін енді кәсіпкерлер аукционға қатысуы тиіс.

«Біз Арбат алаңында амфитеатр болғанын қалаймыз. Ашық аспан астында көше музыканттары өз өнерлерін көрсете алады. Жүргінші жолдарының бұқараға ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Тіпті, дүңгіршіктердің барлығы бірдей стильде болады. Жалпы, инвесторларды тарту арқылы Жібек жолы мен Панфилов көшелерінде қыркүйек айына дейін 35 сауда орны іске қосылады», - дейді жоба жетекшісі Вероника Кизиева.

Бұдан бөлек, Арбатта қосымша 62 орынға шақталған автокөлік тұрағы да салынатын болады. Ал, жәрмеңке кезінде бұл автотұрақ сауда орнына айналып шыға келмек. Сондай-ақ, алаңдағы суретшілер мен өнерпаздарға да қолайлы жағдай жасалады. Енді олардың әр қайсысының өз орны ретімен орналасады. Бүгінде Алмалы ауданына қарасты тағы да тозығы жеткен жерлер мен бірнеше көшелерді қалпына келтіруге жұмысшылар білек сыбана кірісіп кеткен.

«Қазір жүріп жатқан жұмыстар 5 көшеде: Жібек жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай көшесі. Бұдан басқа аудан тарапынан Қарасай батыр көшесі, Абылай хан мен Масанчидың ортасы, Тастақ шағын ауданындағы Дүйсенов көшесінің бір бөлігінің жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстардың бәрі күзде бітеді», - деді Алмалы ауданының әкімі, Жасұлан ЕСТЕНОВ.

Еске сала кетейік, Алматы қаласының қазынасына түсетін салықтың 24 пайызы дәл осы Алмалы ауданына тиесілі. Енді бұл көрсеткіш көбеюі тиіс. Өйткені, биыл екі сауда-әкімшілік ғимараты, бірнеше құрылыс материалдарын саудалайтын кешен, сондай-ақ, 2 қонақ үй мен оншақты дәмхана ашылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бұған дейін "Арбаттың" сәулетіне жауапты архитектор Роман Шнайдерман аталған демалыс орнының біршама ескіргенін айтқан болатын. Ол сондай-ақ, "Арбаттың" жаңа сәулетіне танымал дат архитекторы Ян Гейлдің де қосқан үлесі бар екенін мәлімдеді.

«Реконструкция жасау аясында біз бұл көшені адамдардың рахаттана демалатын орнына айналдырмақпыз. Бұған дейін жүргізілген жөндеу жұмыстары сәтсіз шыққан, мысалы жолға төселетін брусчатка жабындысы дұрыс ауыстырылмаған. Ал, енді бұл кемшіліктерге орын жоқ, "Арбат" түбегейлі өзгереді. Қазір мұнда ретсіз сауда қатарлары бар болса, олардың орнын жаңа сауда бутиктері алмастырады. Жазда тамақтанатын дәмханалар ашылады. Өнер адамдарына арналған орын кеңейтілмек. Жарықтандыру тым ескіріп кеткен, олардың бәрін алмастыратын боламыз», - деді Шнайдерман "Арбаттың" жаңа сәлетін таныстыру кезінде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар