Қоғам 07.08.2017 сағат 09:31  724

Қостанайда полицей көлікте ұйықтап қалып, қайғылы жол апатын жасады

Қостанай қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкері көлік тізгінінде отырып ұйықтап қалған. Салдарынан қайғылы жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Апатқа кінәлі тәртіп сақшысы қазір екі айға қамауға алынған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

22 жастағы полицей "ВАЗ Priora" көлігімен келе жатып, ұйықтап кеткені белгілі болды. Ол тізгіндеген көлік бағдаршамның "қызыл" түсіне өтіп кетіп, алдынан шыққан "Лада Гранта" көлігін бүйірінен соққан.Салдарынан, "Лада Грантаның" жүргізушісі қайтыс болды.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға 30 шілде күні орын алыпты. Алайда, бұл туралы тек бүгін белгілі болды. 51 жастағы "Лада Гранта" жүргізушісінің бірнеше сүйегі сынған екен. Ол ауруханада көз жұмды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар