Қоғам 09.08.2017 сағат 05:54  734

ОҚО-да енесінен кек алмақ болған әйел полицияға жалған мәлімет берген

Оңтүстік Қазақстан облысында енесімен ренжіскен әйел одан кек алмақ болып полицейлерге жалған ақпарат берген. Ол енесінің бағалы заттарының барлығын тығып тастап, үйді қарақшылардың тонап кеткенін айтыпты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Абай аудандық ІІБ-не Қазығұрт шағынауданының 26 жастағы тұрғыны хабарласып, үйін үш қарақшының тонап кеткенін мәлімдеген. Айтуынша, бетперде киген үшеу жас әйелді қорқытып, бағалы заттарды алып кеткен көрінеді. Алайда, қылмыстық іс қозғап, шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген полицейлер ешқандай қылмыстың орын алмағанын бірден анықтады.

Белгілі болғандай, жас келін сол күні енесімен ұрысып қалған екен. Кек алу мақсатында оның алтын әшекейлерін тығып тастап, үйдің астан-кестеңін шығарып, өзі полицейлердің келуін күткен. Жауап алу кезінде жас әйел жалған ақпарат бергенін мойындап қойды. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 419-бабы (Жалған ақпарат тарату) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар