Қоғам 11.08.2017 сағат 03:44  851

Анасын сыйламаған Қарағанды облысының тұрғыны 4 тәулікке қамалды

Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғыны анасын сыйламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ер азамат үйіне мас күйінде келіп, анасымен жиі ұрысады екен және жұрттың көзінше ауыр сөздермен балағаттауды әдетке айналдырған.

"Шет аудандық сотында К. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік кодекстің 73-бабы 2-тармағы бойынша іс қаралды. Құқық бұзушы бір жыл бойы отбасылық дау-жанжал тудырып келген және сол үшін кінәлі деп танылды. Оны 4 тәулікке қамауға шешім шығардық", - дейді соттағылар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар