$ 446.49  475.38  4.79

Астанада түнде табылған кішкентай қызды әлі ешкім іздеп келген жоқ

Астанада 10 тамызға қараған түні сағат 01:00 шамасында табылған кішкентай қыздың ата-анасы әлі табылмай жатыр. Қалалық ІІД өкілдері қала тұрғындарынан сәбидің туыстарын табуға көмек беруін сұрап отыр.

"Астана полициясы 10 тамыз күні Қабанбай көшесіндегі айналма жолдың маңынан табылған кішкентай қыздың туыстарын әлі тапқан жоқ. Қазіргі таңда сәби жасөспірімдерді оңалту орталығында", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Қыз шамамен 3-4 жаста, өзін Миланамын деп таныстырған. Бойы 115-120 см. Шашы ашық түсті қысқа. Үстінде қызыл түсті плащевка, ақ жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар, қызғылт аяқ киім болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары