Қоғам 11.08.2017 сағат 08:55  911

Жамбыл облысында жоғары шенді полицейлер төбелесіп, бірін-бірі пышақтап тастады

Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің басқарма басшысы әріптестерімен төбелесіп, екеуін пышақтап тастады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, 10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев М. Ж., Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары Үмбетәлиев М. И. және Бектұрғанов Е. О. арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан.

"Салдарынан Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салып, Бектұрғановты жарақаттаған", — деп мәлімет берді Сәдубаев.

Аталған дерек бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар