Қоғам 11.08.2017 сағат 09:53  608

ШҚО-да белгісіз біреу 34 жастағы әйел мен оның кішкентай екі қызын өлтіріп кеткен

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері орта жастағы әйел мен оның кішкентай екі қызын өлтіру ісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр деп жазады informburo.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қанды оқиға ШҚО Қатонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында орын алған. Полицейлерге қылмыс туралы хабар келіп түсісімен оқиға орнына жедел уәкілдер мен тергеушілер жетіп, әйел мен кішкентай екі қыздың мәйітін анықтаған. Тергеу ісінің құпия жүргізілуіне байланысты полицейлер ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтып отыр.

"Қазір оқиға орнында шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Біз оқиғаның қалай болғанын, күдіктілердің кім екенін айта алмаймыз, өйткені тергеу құпиялығы сақталуы керек. Дегенмен, қылмыстың орын алғанын растаймыз. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99 бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Әйелдің жасы 34-те, үлкен қызы 2007 жылғы, кішісі әлі 1 жасқа да толмаған", – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстың тергеу барысын ІІД басшысы өз бақылауына алды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар