Қоғам 11.08.2017 сағат 12:12

Тараздағы қанды қырғынның видеожазбасы жарияланды (ВИДЕО)

Тараздағы полицейлердің төбелесі түсірілген бейнекадрлар интернетте жарияланды. Оқиға 10 тамыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында орын алған болатын. Жамбыл облыстық ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы спирттік ішімдік ішіп алып, Байзақ аудандық ХҚКО мен Криминалды полиция басқармасының басшыларын пышақтап тастаған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Басты күдікті М.Үмбетәлиев қазір іздеуде, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған ХҚКО басшысы Марсель Жетпісбаев ауруханада ем қабылдап жатыр. Криминалды полиция басқармасының басшысы Е.Бектұрғановтың сол иығы мен жамбасы жараланған. Ол ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар