Қоғам 14.08.2017 сағат 04:36  626

Полицейлер Астанада табылған кішкентай қыздың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздеп жатыр

Астаналық полицейлер кішкентай Милананың туыстарын бүкіл ел аумағынан іздестіріп жатыр. 10 тамыз күні түнгі сағат 01:00 шамасында Қабанбай көшесіндегі айналма жолдан табылған сәбиді әлі ешкім іздеп келмеген.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Полицейлер тарапынан қазір қыздың туыстарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүкіл жеке құрамға тапсырма берілді. Қыздың суреті бүкіл ел аумағына таратылды. БАҚ өкілдері арқылы да іздестіріп жатырмыз. Сондай-ақ, сәбидің ата-анасын әлеуметтік желілер арқылы іздестірудеміз. Туыстарын таппағанша іздеу жұмыстарын жалғастыра беретін боламыз", - дейді Астана қалалық ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Кылышбекова.

Астанадағы жасөспірімдерді оңалту орталығындағылар сәбиге 3 айға дейін қарайтындарын айтып отыр. Оған дейін қыздың туыстары табылмаса оны балалар үйіне өткізеді.

"Қазір сәби өзін жақсы сезініп жүр, жақсы тамақтанып, тыныш ұйықтайды. Жылап жүрген жоқ, ата-анасын іздемейді", - дейді аталған орталықтың өкілдері.

Қыз шамамен 3-4 жаста, өзін Миланамын деп таныстырған. Бойы 115-120 см. Шашы ашық түсті қысқа. Үстінде қызыл түсті плащевка, ақ жилетка, ақ түсті футболка, қызғылт шалбар, қызғылт аяқ киім болған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар