Қоғам 14.08.2017 сағат 08:57  630

2017 жылдың 7 айында Астанада 47500 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген

 

Қоғамдық ортаның қауіпсіздігін арттыру мақсатында елімізде қоғамдағы ұсақ бұзақылыққа нөлдік төзімділік саясаты белсенді жүзеге асырылуда.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен қоғамдық орында темекі шегу және алкогольді сусындар ішу, қоқыс тастау, сондай-ақ т.б, ұсақ бұзақылыққа нөлдік төзімділік шеңберін орындау барысында 2017 жылдың 7 ай ішінде шамамен 47 500 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, алкогольді сусындар iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша шамамен 12 мыңнан астам құқықбұзушылар тіркелген. «Ұсақ бұзақылық» жасағандар саны шамамен 2800-ден астам. Белгіленбеген орындарда темекі шегіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 11 500 шамамасында. Тыныштықты бұзғандар саны 4300-ден астам, 15 500-ден астам абаттандыру ережесін бұзу фактісі анықталды және қоғамдық орындарда тиісу бойынша 1200-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар