Қоғам 17.08.2017 сағат 12:20  431

Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырған - прокуратура

Алматыдағы зообақтың есепшісі 32 миллион теңгені қолы қылған. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасының өкілдері мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Медеу аудандық №2 соты есепшіні қамауға алу туралы санкция шығарды.

«Іс материалдарына сәйкес, «Алматы зоологиялық паркі» мекемесінің есепші-кассирі болып жұмыс істеген азаматша Н. 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың қазанына дейін сатылған билеттерді компьютерден өшіру арқылы, 32 390 000 теңгені қолды еткен», - деді Медеу аудандық прокуратурасынан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі және 241-бап бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың ауырлығына байланысты іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар