Қоғам 18.08.2017 сағат 09:55  754

Алматыда жүргізуші әйелдің аяғының сіңірі тартылып, ірі жол көлік оқиғасын жасады

Алматыда шығыс айналма жолында Opel минивэні мен Toyota Camry соқтығысып, апат салдарынан бес адам зардап ешкті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Минивэнде ерлі-зайыптылар төрт баласымен бірге келе жатқан.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Opel жүргізушісінің айтуынша, ол ортадағы қатарда, ал Toyota Camry 30 жанында келе жатқан. Кенет Toyota көлігінің рөлінде отырған әйел оң қатарға жылжи бастайды да, минивэнге соғылады. Минивэн арықтың үстімен жолдың жиегіне ұшып кетеді.

Opel көлігінде отырған жас әйел мен төрт баласы аурухана жеткізілді, минивэн жүргізушісі — отағасы зардап шеккен жоқ. 

Toyota көлігінің рөлінде отырған жүкті әйелдің айтуынша, сіңірі тартылып қалғандықтан, апатты жағдай тудырған. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар