Қоғам 18.08.2017 сағат 11:24  638

Алматыда 1,5 айда 2,5 мың адам жұмысқа орналасқан

1 маусым 15 тамыз аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған.

Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 000 жаңа жұмыс орны ашылып, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар.

- Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409 адамы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы, біздің орталық арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» отеліне 100 адам жұмысқа тұрды, - деп хабарлады Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова Астана Конвеншн Бюро компаниясының өкілдеріне.

Ресми мәліметтерге сай, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).

Соңғы жаңалықтар