Қоғам 21.08.2017 сағат 11:37  1445

Шымкентте қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынды

Шымкентте бұдан былай қаңғыбас иттер атылмайтын болады. Енді оларды аулап, жануарларды уақытша ұстайтын арнайы орындарға орналастырады. Мұндай орын алғаш болып Сайрам ауданына қарасты Абдулабад ауылында ашылып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл орталық 400 орынға лайықталған. Егер ит пен мысықтың иесі 3 тәулік ішінде келмесе оны екпе егу арқылы өлтіріп, мәйітін өртеп жібереді. Өртеу үшін бұрынғыдай Беккари шұңқырлары емес, арнайы пеш қолданылады. Осынау жұмыстар үшін жергілікті бюджеттен 49 миллион теңге бөлініп отыр.

Қазір орталықта 300-дей ит бар. Олардың әр қайсысының тәуліктік шығыны 1271 теңгені құрайды. Яғни, барлығына шамамен 15 миллион теңгедей ақша жұмсалмақ. Ал, жалпы жыл басынан бері ит аулаушылар 23 мың мақұлықты аулаған екен. Басым көпшілігі өлтірілген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар