Қоғам 22.08.2017 сағат 03:31  654

Шымкентте дәрігерлер шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Шымкентте жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Қаладағы №4 перзентхананың қызметкерлері шетінеген ұл баланың ата-анасына қыз баланың мүрдемсін беріп жіберген деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана мұны тек мәйітті жуатын кезде ғана көріпті.

Шетінеген сәбидің анасы баланың өліміне де сол перзентхана дәрігерлері кінәлі дегенді айтып отыр. Ақхалаттылар туылғанына 20 күн болған шақалаққа ауыр дәрілер еккен көрінеді. Енді бұл істерімен қоймай мүрделерді алмастырып алған. Алмастырып алғанда да түрлері ұқсайтын сәбиге емес, 5-6 айлық орыс қызбен ауыстырып жіберген.

Сәбидің шетінегенін Құдайдың ісі деп шу шығармаған ата-ана енді жауаптылар жазаланбайынша тынбайтын секілді. Олар кеше перзентханаға барып шу шығарды. Перзентхананың бас дәрігері орнында болмағандықтан оның орынбасары ашуғы булыққан ата-анаға басу айтты.

"Біз жауаптан қашпаймыз, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Өте қиын жағдай, кешірім сұраймыз", - дейді ОҚО №4 перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Мадина Мәмбетова.

Оқиға орнына полицейлер де келді. Бірақ, олар қылмыстық істің қандай бап бойынша қозғалатынын өздері де білмейді.

Соңғы жаңалықтар