Қоғам 22.08.2017 сағат 04:24  1014

Таразда әріптестерін пышақтаған шенді полицейді ешкім ұстаған жоқ, ол өзі берілген – прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы бұған дейін Ішкі істер министрлігі таратқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Яғни, Таразда екі адамды пышақтап, өзі қашып кеткен Мұрат Үмбетәлиевті полицейлер ұстамаған, ол прокурорларға өзі келіп берілген екен.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"19 тамыз күні сағат 13:00-де Үмбетәлиев Шу аудандық прокуратурасына өзі келіп берілген. Кейін ол Тараз қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қазір сонда тергеуде жатыр. Күдіктінің өз еркімен берілуіне прокуратураның туыстарымен жүргізген келіссөздері себеп болды", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Үмбетәлиевті екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталды деп айыптап жатыр. Ол спирттік ішімдік ішіп алып, екі әріптесін мейрамхана алдында пышақтап тастаған. Өзі бірнеше күн қашуда жүрді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар