Қоғам 22.08.2017 сағат 05:31  2224

Қызылордада қатал мұғалімнен "кек алмақ" болған оқушы қыздар оны қаматып тынды

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі №189 орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі Әкпар Исахаев тергеу абақтысында қамалып жатыр. Оған 6-сынып оқушыларына азғындық көрсетті деп айыпталуда. Бұлай айып тағылуына оқушы екі қыздың шағымы себеп болыпты. Олар 35 жылдық еңбек өтілі бар педагогты өздерін аймалады деп ата-анасына айтқан екен. Алайда, "Астана" телеарнасына күні кеше сұхбат берген қыздардың бірі өздерінің өтірік айтқандарын, тек мұғалімнің қаталдығы үшін одан кек алмақ болғандарын мойындады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өтірігін мойындаған қыз бүгінде полицияға жазған арызын кері қайтарып алып, мұғалімнің отбасынан кешірім сұраған. Екіншісі болса алған бетінен қайтпай отыр.

Дина Нағызбаева, № 189 орта мектептің 6 сынып оқушысы:

- Айтамыз да қоя саламыз, сосын Акпар ағай мектептен шығып кететін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтіп бәрі осылай шатасып кетті. Кейін мен анама келіп барлық шындықты айттым. Ұстаған жоқ, бізге тиіскен жоқ. Әрине өкінемін, ағайдын шыққанын қалаймын, ағайдан кешірім сұраймын.

Әкпар Исахаевтың туғандары ғана емес, оның әріптестері де, ауылдастары да мұғалімге жала жабылып отырғанына сенімді. Аймаққа сыйлы азамат мұндай әрекетке ешқашан бармайды дейді олар.

Қазір іс сотта қаралып жатыр. Сот жабық өтіп жатқандықтан педагогтың қорғаушысы ашып ақпарат бере алмады.

Жасұлан Таңатаров, адвокат:

- Іс қазіргі таңда сотта қаралып жатыр, соңдықтан бөлшектеп айтып бере алмаймын. Десе де, айтайын дегенім, бүгінгі күні мұғалімдер әлеуметтік тұрғыдан да, заңды түрде де қорғаусыз болып тұр. Менің қорғауымдағы азамат сабақ үстінде, балалардың көзінше азғындық әрекеттер жасады деп айыпталып отыр. Яғни кез келген оқушы өзіне ұнамаған мұғалім үстінен осылай негізсіз арыздана алады.

Сәуірде қамалған математик әлі күнге уақытша ұстау абақтысында. Ендігі сот отырысы тамыздың 25-іне белгіленген.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар