Қоғам 23.08.2017 сағат 03:20  724

Көкшетауда 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен тағы бір педофил ұсталды

Ол өзінің азғындық ойын қала шетіндегі молада жүзеге асырғанын айтып, кінәсін бірден мойындаған. 2 апта бойы аяғынан тік тұрып іздеген полиция 24 жастағы күдіктіні теміржол вокзалында қолға түсірді деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сұмдық оқиға екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан белгісіз жауынгерлер зиратында болған. Күдікті сол маңда тұратын кішкентай қызды мола жаққа алдап апарыпты. Жеткіншектен жоғалтып алған әмиянын іздеуге көмектесуін сұраған. Сөйтіп, азғындық әрекетін ол мына бейіттің жанында істеген. Ұсталған жігіт Көкшетауға Бурабай ауданынан жұмыс іздеп келген екен. Ұялы телефонын тексергенде де іші тұнып тұрған порнографиялық бейнефильмдер екені анықталған. Енді азғын кемі 15 жылын абақтыда өткізуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар