Қоғам 24.08.2017 сағат 03:45  1340

Алматы музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интерактивті экскурсия өтті

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Алматы музейінде «Қолжетімді музей» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интерактивті экскурсияның ашылуы өтті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жалпы, Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі 47 мың адам бар. Олардың арасында музейге барып көргендері сирек. Жеңілдіктер туралы да хабарсыз. Ал, 2015 жылы Қазақстан Республикасында ратификацияланған мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясында «мемлекет-қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени өмірге басқалармен тең құқығын мойындайды және мүмкіндігі шектеулі жандардың театр, музей, кинотеатр, кітапхана секілді мәдени орындарда, сондай-ақ ұлттық, мәдени құндылығы бар ескерткіштер мен нысандарға барынша жоғары қолжетімділікке ие болуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайды» делінген.

Шараның негізгі діттеген мақсаты – қонақтардың барлығына бірдей музей экспозициясы мен бағдарламаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету болды.

Музейдегі әрбір экспозицияның өзіндік ерекшелігі бар, соны көрсету мен түсіндіру жұмыстарына алдын ала үлкен дайындық жасалған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін ыңғайлы сезінуі мен қолайлы атмосфера қалыптастыру мақсатында алдын ала жоспар бойынша арнайы құралдар сатып алынды. Музей қызметкерлері бұл шараны ұйымдастыруға өзге жиындардан қарағанда екі есе көп күш жұмсағандарын айтады.

«Музейге келген мүмкіндігі шектеулі жандардың барлығына арнайы қызметтер ұсынылады. Атап айтқанда, музей қорынан тактильді экспонаттар, аудиогидтер, тифлокомментарий, Брайль шрифтімен жолсеріктер, археологиялық артефактілердің рельефті суреттері, залдардың тактильді мнемосызбалары, сурдоаудармамен экскурсиялар ұйымдастырылды. Музей – адамды рухани байытатын орын. Сондықтан ол кез келген адамға қолжетімді болуы тиіс. Алматы музейі бірінші болып мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етті», - дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Алтын Орынбаева.

Музейге келген зағип жандарға ерекше көңіл бөлінді. Себебі, олар ақпаратты есту, иіс сезу арқылы алады. Сондықтан да, Алматы қаласы музейінде мнеможүйе орнатылған. Бұл құрылғы арқылы көзі көрмейтін және нашар көретін жандар музейде оңай жол таба алады. Оған қоса, қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогид үзіліссіз жұмыс істеп тұрады.

Ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі бойынша әкім кеңесшісі Вениамин Алаев, «Шырақ» мүмкіндігі шектеулі әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық Қорының төрайымы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Қалтаева, Қазақстан мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымы Одағының төрағасы Әли Аманбаев, «Аржан» Қоғамдық Қорының директоры Қасиет Омаровалар қатысты.

Жиын барысында Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек тек қалалық деңгейде емес республика көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өзін өзгеше, өзге жандардан төмен сезінбеуі үшін осындай шаралардың жиі ұйымдастырылып тұруы қажеттігін айтып өтті.

Музей ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында айтылған міндеттер негізінде алдағы уақытта да осындай іс-шараларды көптеп өткізуге ниетті екендіктерін білдірді.

Еске салсақ, ҚР президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттауға арналған тың жобалар ұсынылған болатын.

Ресми дерек бойынша, соңғы он жылдың ішінде музей, кинотеатрлар саны 50%-ға, театрлар 30%, кітапханалар 20%-ға өскен екен.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар