Қоғам 24.08.2017 сағат 06:56  868

Оралда екі автобус соқтығысып, 45 адам жараланды

Оралдағы Жәңгір хан көшесінде екі автобустың бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 45 адам зардап шекті деп хабарлайды Informburo.kz. Оқиға бүгін таңертең орын алған. Жол көлік оқиғасы болған сәтте автобустардың екеуі де жолаушыға лық толы болыпты.

Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік жол тығынын айналып өтпек болып, жолдың жиегімен жүрген екен. Алдымен оның жүргізушісі жеңіл көлікті сырып өтіп, артынша екінші автобусқа соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жолаушылар көліктің алдыңғы терезесінен сыртқа ұшып шығыпты.

Аурухананың жарақат бөліміне 45 адам жеткізіліпті. Олардың жартысына жуығын дәрігерлер үйлеріне қайтарған. Ал, бір жолаушы қыздың мойын омыртқасы сынса, бір жасөспірімнің миы шайқалған. Сондай-ақ, зардап шеккендер арасында жүкті әйел мен 4 жасөспірім бала бар. Қазір олардың бәрін дәрігерлер қарап жатыр.

Оқиға орнында қазір БҚО ІІД-нің басшылары мен автопарк басшылары жүр. Олар мән-жайды анықтауда.

Соңғы жаңалықтар