Қоғам 25.08.2017 сағат 04:25  662

Алматыда 2 жасар сәби жоғалып кетті

24 тамыз күні Алматыдағы "Шаңырақ-2" шағынауданында жер үйлердің бірінен 2 жасар сәби шығып кетіп, жоғалып кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Шұғыл жедел тергеу тобы құрылды. Топ құрамында криминалды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция өкілдері бар. Баланың анасы хабарлағандай, 2 жасар Есімхан Аниз ата-анасы ұйықтап жатқан кезде өздігімен далаға шығып кеткен. Полицияға арызданбастан бұрын баланың туғандары оны өздігімен іздеп таппақ болған екен. Алайда, кешке дейін табылмағаннан кейін тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді. Қазіргі таңда жоғалған сәбиді табу үшін шұғыл іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Алматы гарнизоны жеке құрамының барлық полицейі жұмылдырылды", - деді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алатау аудандық ІІБ басшыларының айтуынша, іздеу жұмыстары кеше түні бойы жүргізілген. Маңайдағы барлық кәріз шұңқырлары және өзге де қуыстардың барлығы тексеріліпті. Алайда, іздеуден нәтиже шықпай жатыр.

"Іздеу жұмыстарына бүгін таңертең Ұлттық Гвардияның тағы 50 сарбазы және 50 мұғалім қосылды. Бала тым кішкентай болғандықтан әрбір минутымыз санаулы", - деп сөзін түйді Салтанат Әзірбек.

Жоғалған сәбидің белгілері: бойы 70-80 см, шашы мен көзі қара, жұқа ерінді, қасы доғал тәрізді. Үстінде ақ жемпір, аяғында көк аяқ киім болған.

Баланы көрген-білгендер болса 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8 707 4701701, 8 775 2257976, 8 778 46895 08, 8 702 2841113, 8 702 5611598 немесе 102 байланыс телефондарына хабарласуына болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар