Қоғам   25.08.2017   сағат   09:16     757

Алматыда жоғалып кеткен 2 жасар сәбидің денесі дәретхана шұңқырынан табылды

Алматының "Шаңырақ-2" шағынауданында кеше таңертең жоғалып кеткен 2 жасар сәбидің өлі денесі үй ауласындағы дәретханадан табылды. Қараусыз қалған бала шұңқырға өздігімен түсіп кеткен болуы мүмкін деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Алматыда жоғалып кеткен 2 жасар сәбидің денесі дәретхана шұңқырынан табылды

"Тексеру барысында сәбидің мәйіті өздері тұратын үйдің дәретханасының түбінен табылды. Оны мамандар арнайы техниканың көмегімен сыртқа алып шықты. Шұңқырдың тереңдігі 3 метр. Қазір баланың өлімін нақты неден болғанын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайыналды. Өзге мәліметтер тергеу барысында белгілі болады", - деді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, сәби жоғалған сәтте үйде ересек  адам болған. Олардың барлығы да ұйықтап жатыпты.

Еске салайық, 2 жасар сәбидің жоғалғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде бүгін жарияланды. Баланың жоғалғанын ата-анасы 24 тамыз күні сағат 11:00-де білсе де полицияға кешке қарай арызданған екен. Олар баланы өздігімен іздеп таппақ болған.

Соңғы жаңалықтар