Қоғам 26.08.2017 сағат 09:03  952

Алматыда халыққа қызмет ететін барлық орталықтар тексерілді

Алматыда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көшпелі ведомствоаралық жиналыс өтуде. Бұл шараға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың өзі қатысып, төрағалық етті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сондай-ақ, бұл шараға Мемлекеттік корпорацияның «Азаматтарға арналған үкімет», мемлекеттік органдардың басшылары және Алматы қаласының активі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асыруын бағалау және сыртқы талдауға арналған арнайы мониторингтік топтың мүшелері, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері және видеоконференц байланысы арқылы орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

– Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік аппараттың тиімді негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осыған байланысты, біз мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеру мақсатында үлкен және жүйелі жұмыс бастадық. Бұл жұмыс бір реттік сипатта емес, әрқашан және жүйелі түрде жүргізілетін болады, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, аталмыш әрекеттер бизнес процестерді жетілдіру және тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ыңғайлы жағдайлар тудыруға ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсетуде мәдениетті қалыптастырып, аталған салада тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың туындауын жояды екен.

Ал қоғамдық кеңес мүше өкілдері мемлекеттік қызметтер көрсетуді орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардан, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мақсатында тұрғындарға қызметтердің сапалы және кәсіби көрсетілуі үшін құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына берілу қажеттілігін атап өтті.

Алик Шпекбаев ведомствоаралық жиналысты дайындау барысында қоғамдықпен бірге ең көп талап етілетін қызметтерді халыққа көрсететін миграция, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер саласындағы бірқатар ұйымдарды, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарын тексергенін айтты. 

– Аталған объектілерге барған кезде азаматтар мен қызметті алушылардың күту жағдайларының жоқтығы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасының төменділігі жөніндегі  шағымдары тыңдалды, - деді ол.

Жиналыста жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерғана емес, табиғи монополия саласындағы ұйымдардың да мәселелері белгіленді, сонымен қатар, әкімшілк кедерегілерді жою, бюрократиялық тәртіптерді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді және мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету бойынша нақты ұсынымдар берілді.

– Бұл жағдай, тұрғындардың су, газ және электрмен жабдықтау саласындағы қызметтерді алу үшін, қаланың әр бөлігінде орналасқан әр түрлі мекемелердің бөлмелері мен қабаттарында бірнеше реттен «жүгіріп» өтініш беруінен туындады, - дейді Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Елнар Игіліков.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтер көрсететін Алматы қаласының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының жұмысын ұйымдастыруын қайта қарастырып, ішкі бизнес процестерді оңтайландыру және автоматтандыру ұсынылған.

Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар