Қоғам 28.08.2017 сағат 10:39  2634

Дін туралы жаңа заңда қысқа балақ пен қауға сақалға тыйым салынбайды

Елімізде әзірленіп жатқан дін туралы жаңа заңда балақ пен сақалдың ұзындығына қатысты тыйым қарастырылмаған. Бұл туралы Дін істері жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жаңа заң деп отырғанымыз "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы" заң жобасы.

"Қазіргі таңда сақал қою мен балақты қысқарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Тәжікстанда мұндай заң бар, Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиясында да бұл мәселе заңмен реттелген. Біз әзірге мұндай шешім қабылдамаймыз. Дегенмен, заңды жүзеге асыру үшін құқықтық актілер керек. Яғни, мемлекеттік органдар тарапынан заңды жүзеге асыру барысында аталған мәселеге қатысты бірқатар қадам жасайтын боламыз", - деді Оңғарбаев.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дін туралы сөз сөйлегенде үнемі қауға сақалды және қысқа балақты ер азаматтарды және қараға оранған қыз-келіншектерді сынға алады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар