Қоғам 29.08.2017 сағат 10:01  805

Астанадағы Президент саябағында сиырлар жайылып жүр (ВИДЕО)

Астанадағы Президент саябағында сиырлар жайылып жүр. Бұл көріністің бейнекадрларын қала тұрғыны Максим Дементьев Facebook әлеуметтік желісіне жүктеді.

Ақорда мен Тұңғыш Президент кітапханасы сияқты зәулім ғимараттардың маңында алаңсыз жайылып жүрген сиырлардың қайдан пайда болғаны белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары ойда-жоқта қаланың қақ ортасында пайда болған сиырларды көріп аң-таң. Кейбір әзілқойлар сиырларды ЭКСПО-ға келген үнді делегациясы алып келді деп әзілдеуде.

Осы ретте айта кету керек, аталған саябақта жабайы қояндарды да көп кездестіруге болады.

Соңғы жаңалықтар