Қоғам 05.09.2017 сағат 04:54  752

Көкшетауда бойжеткен өзін депутаттың зорлағанын айтып отыр

23 жастағы сандықтаулық бойжеткен Наталья Буланова осыдан 2 жыл бұрын өзін депутаттың "құрбаны" болғанын айтып, полицияға шағыманған болатын. Алайда, істі 2 жыл бойы қараған сот жуырда аудандық мәслихаттың депутаты Алексей Джейрановтың еш кінәсі жоқ деп шешім шығарыпты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы шешімге наразы болған Буланова кеше бір адамдық шеру өткізді. Ол "Судья Шәймерденов қызметінен кетсін" деген жазу жазылған плакатты мойнына іліп алып, аудандық соттың алдына келді.

Наталья Буланова:

Судья Шәймергенов отставкаға кетсін! Ондай адамды сот жүйесінен қуу керек. Ол сатылып кетті. Джейранов мені мазақ қылды. Ал судья мен Джейранов заңды мазақ қылды. Менің дәлелім жеткілікті. Осы жерге  облыстық сот та назар аударса екен деп шықтым.

Осылай деп ашынған Наталья депутаттан зорлық көргенін қалай да дәлелдеуге бар күшін салмақ. Зеренді аудандық сотының шешіміне қарсы шағым түсіріп үлгерген адвокаты да әйтеуір шындықтың бір ашыларына сенімді.

Владимир Филипенко, адвокат:

- Джейрановты сот ақтап шығып, өзінің әділетсіздігін, дәрменсіздігін көрсетті. Біздің қолымызда Қазақстандағы ең білікті сарапшылардың генді-молекулярлық сараптама қорытындысы бар. Судьяның қандай болжаммен осындай шешім қабылдағаны түсініксіз.

Наталья кәсіпкердің жеке шаруашылығында есепші болып істеген. Ауыл шетіндегі кеңсенің бір бөлмесінде тұратын оған бастығы кешқұрым жұмысын сылтауратып келіп бас салған көрінеді. Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты, өңірге белгілі ірі кәсіпкер Алексей Джейрановты ол содан бері заң алдында жазалай алмай жүр.

Буланованың облыстық сот ғимараты алдындағы наразылық шарасы екі сағатқа созылды. Бірақ осы уақыт ішінде сот қызметкерлерінен наразылыққа назар аударған ешкім болмады. Ал, арым тапталып, намысым қорланды деген ол әділдікке жетпейінше тоқтамаймын деп отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар